+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Компьютері жоқ оқушыларды қолдайтын арнайы сайт іске қосылды

2020 жылғы 11 тамыз 18:36
Бөлісіңіз:
Компьютері жоқ оқушыларды қолдайтын арнайы сайт іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –qoldau.edu.kz сайтында қазірдің өзінде қашықтан оқу үшін компьютерлер, ноутбуктар мен планшеттер алатын 20 мыңнан астам бала туралы мәліметтері бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен онлайн-конференцияда «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лаззат Чинкисбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің серіктесіміз. Өткен жылы біз «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырдық. Өткен жылы әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген біз арқылы өз көмегін көрсетті. Ол осы акция аясында Арыс қаласының балаларына қаражат бөлді. Біз акцияны жоғары деңгейде өткізіп, балаларға сапалы көмек көрсеттік. Биыл елде вирустың таралуына байланысты балалар сабақты қашықтан оқиды. Біз qoldau.edu.kz https://qoldau.edu.kz/ веб-сайтын іске қостық. Егер балаңыздың көмек алушылар тізімінде бар-жоғын білгіңіз келсе, баланың ЖСН-нің соңғы алты санын енгізуіңіз керек. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялығын сақтау үшін осылай жасадық. Егер сіздің балаңыз ол тізімде болса, онда мектебі, ауданы, қала немесе қай облыс екені көрсетіледі», - дейді Лаззат Чинкисбаева.

Сайтта көмек көрсетілетін 20 мыңнан астам бала туралы мәлімет бар.

«Қазір бұл тізімде 20 мыңнан астам бала бар. Біз бұл базаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен алдық. Бұл тізімге жетімдер, мүмкіндігі шектеулі балалар және ауыл мектептеріндегі оқушылар кіреді. Егер сіздің балаңыз бұл тізімде болмаса, біз бұл көмекке бей-жай қарамайтын адамдарды мүмкіндігінше тартуға тырысамыз. Егер біз жасай алсақ, екінші базаға тіркейміз, мүмкін сіздің балаларыңыз бұл тізімге енеді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT