Компьютердің өнер туындысы адам өнерінен асып түсе ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Былтыр Эдмонд Белами портреті аукционда 432 мың долларға сатылған еді. Ешкім танымайтын адамның портреті осынша ақшаға сатылғаны, әрине, таңғалдырады. Бұл өнер туындысын компьютер 14 - 20 ғасыр аралығындағы 15 мың портрет туралы мәліметтерді ескере отырып, алгоритм арқылы жасаған еді», деп жазады ВВС басылымы.

Автор мақалада жасанды интеллект күннен күнге дамып жатқандықтан, компьютер адам интеллектісінен асып түсе ме, шығармашылық индустриясы мен суретшілер ортасына өзгеріс енгізе ала ма деген сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Алгоритмдер сурет салып, музыка жазып, өлең шығарып жатыр. Мысалы, Google DeepMind жасанды интеллект бағдарламасы 2017 жылы әлемдегі ең қиын Go қытай ойынында жеңіске жетті. Бағдарлама жаңа шығармашылық жол тауып, стратегия жасай білді. Дегенмен, өнер виртуалды әлемге арналмаған», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар