Коммуналдық саладағы 200 мың жұмысшының айлығы 50 пайыз өседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқылаған жиынында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров коммуналдық сала қызметкерлерінің тұрақсыздығын қалай тежеуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы 6 мың дәрігердің орташа жалақысы және орта медициналық персоналдың орташа жалақысы, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің орташа жалақысы ұлғайтылатын болады.

Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру басталды.

Коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің жалақысын өңірлер бойынша орташа салалық деңгейге дейін орта есеппен 50%-ға жуық арттыру үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Бұл шара шамамен 200 мың қызметкердің табысын арттыруға, сондай-ақ кадрлар тұрақсызыдығын азайтуға мүмкіндік береді», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейіне де жетпейтін қазақстандықтардың үлесі 5,2% шамасында.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күші 9,4 млн адам болды. Жұмыспен қамтылған халық – 9 млн адам, жалдамалы қызметкерлер – 6,8 млн адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2,1 млн адам. Оның ішінде 1,6 млн адам жеке кәсіпкер болып есептеледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27% өсіп, 1,8 миллионнан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 18,3% артып, 4,1 миллионға жетті.

Экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі 33,3%-дан 36,5%-ға дейін өсті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,2% болды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% болып тіркелді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар