Коммуналдық қызметтер үшін қай облыстардың берешегі көп

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек коммуналдық қызметтер үшін берешегі көп облыстарды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министрдің сөзіне қарағанда, жылыту маусымының басында тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі 14,5 млрд теңгені құраған болатын. Осы уақытқа дейін аталған қарыз 11 пайызға төмендеді. «Бүгінгі таңда қарыз 12,9 млрд теңгені құрайды, яғни 1,6 млрд теңгеге азайды. Қарыздың ең көп мөлшері Оңстүстік Қазақстан облысында - 2,7 млрд, Астанада - 2,2 млрд, Алматыда - 1,8 млрд, Маңғыстау - 1,6 млрд, Ақтөбе облысында - 1,1 млрд, ал Қарағандыда коммуналдық қызметтер үшін қарыздың жалпы көлемі 800 млн теңгені құрады», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев монополистердің қарызын жариялады. Бүгінде монополистердің қарызы 6 млрд теңгеден асты . 

Соңғы жаңалықтар