Коммуналдық қызметкермін деген алматылық бойжеткен зейнеткерлерді тонап кеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 жастағы алматылық бойжеткен өзін «коммуналдық мекеме қызметкермін» деп таныстырып, зейнеткерлерді тонаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласы полициясына 82 және 78 жастағы кейуаналар хабарласқан. Оларды үйіне келген коммуналдық қызметкер тонап кеткен.

«Алдын ала тексеру бойынша алаяқ әйел коммуналды қызмет өкілі ретінде танысып, қариялардың сеніміне әбден кіріп алған. Қыз тұрғындардың үйлеріне су, электр энергиясы, жылуды есептегіш құралдарды тексеруге келетін болған. Сосын мардымсыз заңбұзушылықтары үшін оларға айыппұл салып отырған. Тіпті, қариялардың назарын басқа жаққа аударып, қомақты ақшасын жымқырып отырған. Ол пәтер иелеренің 100 мың теңгеге жуық қаржысын алып кеткен. Кейін белгілі болғандай, ұрланған қаржы қариялардың зейнетақысынан там-тұмдап жинаған ақшасы екен»,- деді баспасөз қызметінен.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері алаяқтық пен ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады.

Осы оқиғаға байланысты 27 жастағы алматылық бойжеткен ұсталды.

«ҚР ҚК-нің 188-бабы мен 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар