Коммуналдық қызмет өкілінен коронавирус табылса не болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коммуналдық қызмет саласы карантин ахуалында қалай жұмыс істейді? Бұл жайында онлайн брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық энергетикалық тиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев коммуналдық қызмет өкілінен вирус табылса, қандай әрекет жасалатынын айтты.

«Барлық коммуналдық кәсіпорындар жұмыс істеу жоспарын жасақтады. Алгоритм бар. Коммуналдық қызмет өкілдерінен вирус табылса, қызметкерді оқшаулауға барынша тырысамыз», - деді Әсет Масабаев.

Спикердің айтуынша, қаладағы барлық қызметтер қашықтан жұмыс істейді. Есептеу құралдарын тексеру әдеттегі режімде жалғасады.

Апат болған жағдайда арнайы бригада шұғыл түрде қалпына келтіруге шығады.


Соңғы жаңалықтар