Коммуналдық қажеттілікке және халыққа қанша көмір жөнелтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көмір экспорты 20 млн тоннаға жуықтады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша көмір өндіруші компаниялар 75,1 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 пайызды құрады. Еліміздің ішкі нарығына осы кезеңде 51,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға аз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,8 млн тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға кем. Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 7,1 млн тонна көмір жөнелтілді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, көмір экспорты 19,8 млн тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңірлерді қажетті көлемде көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен де бекітілген кестеден қалып қою жағдайлары да орын алуда. Коммуналдық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір дайындау деңгейі әлі де төмен», - деп тоқталды Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар