Коммерциялық үй-жайдың иелеріне қандай жауапкершілік жүктеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі коммерциялық үй-жайдың иелеріне қойылатын жауапкершілік жайлы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық аумағында заңсыз ойын орындарын анықтау және жабу бойынша шаралар қолданып келеді.

Алайда, ескі орындарды жапқанда, жаңасы ашылады. Бұл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру схемаларына көп жағдайда екі тұлғаның қатысуымен байланысты.

Біріншілері – бизнесті ұйымдастырушылар.

Екіншілері – жалға берушілер тұлғасындағы сыбайластар. Бұл ретте, олар «бизнес схеманың» құрбаны бола отырып, бар жауапкершілік жайлы хабарсыз.

ҚМА жалға берушілердің де заңсыз ойын бизнесіне үй-жайларды беру үшін Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін еске салады.

Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?

1. Коммерциялық үй-жайларды жалдауға бергенде міндетті түрде жалға беру шартын жасаңыз.

2. Үй-жайды немесе коммерциялық аумақты тек заңмен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыру үшін ғана жалға беріңіз.

3. Егер сіз үй-жайды жалға берсеңіз, ал жалға алушы онда заңсыз ойын автоматтарын қойса немесе астыртын казино ұйымдастырса – тез арада қаржылық мониторинг органдарына хабарласыңыз.

Ол үшін агенттіктің ресми аккаунттарына жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті.

Сондай-ақ, барлық терминалдар заңға қайшы қызмет етпейді. Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.

Соңғы жаңалықтар