Коммерциялық мақсатта саңырауқұлақ пен жидек тергендер салық төлейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жеміс-жидек теретіндерге салық салудың жаңа нормасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай алым түрі бұрын да болған. Осыған дейін бұрын осы талап тек ерекше қорғалатын аймақтарда, яғни ұлттық парк, қорықтардың аумағында таралған еді. Ал енді барлық жерде қолданылмақ. Екіншіден, жаңа норманың қарапайым халыққа қатысы жоқ. Бұл тұрғыда салық өнімді көп көлемде жинайтын, дәрілік препараттар жасайтын немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты», - деді Е. Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда тілшілер «көпбалалы отбасылар балаларына киім алу мақсатында жидек теріп, оны сатқан жағдайда, салық салына ма?» деп сұрады.

«Бұл жағдайларда салық салынбайды. Оны қарапайым халық төлемейді», - деп нақтылады министр.

Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін кейбір азаматтарға салық қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар