Комитет төрағасының орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әдеп жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына қатысты шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету мәселесі бойынша тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әдеп жөніндегі комиссиямен тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаны «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Сондай-ақ комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің тәртіптік комиссиясы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің қорытындылары тыңдалды.

Отырыс соңында комиссия мүшелері министрлік басшылығына мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейтуді, тәртіптік жауапкершілікті қарау кезінде заңдылықты және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірледі.

Еске сала кетейік, Әдеп жөніндегі комиссия - агенттіктің тәртіптік істерді қарауды және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларының талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуді жүзеге асыратын алқалы орган.



Соңғы жаңалықтар