+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Комитет өкілдері коронавирустан қайтыс болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты

2020 жылғы 10 сәуір 23:44
Бөлісіңіз:
Комитет өкілдері коронавирустан қайтыс болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы коронавирустан қайтыс болған дәрігерің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда жазасын өтеушілер 40 мың дана вирустан қорғаныш костюмін тікті Аягөзде балаларға арналған орталықта 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер індет жұқтырған Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасын өсірген дәріханалар анықталды

Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз еу жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жедел штабынан мәлім болды.

«ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы «Абди Ибрахим Глобал Фарм «ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте көмектесіп, өкінішке орай, осы індеттің кесірінен көз жұмды.

Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, елімізге COVID-19 вирусымен күресте зор көмегін тигізді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді.

Жаны жайсаң азамат, әке, ұл, тамаша басшының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Зиятхан Ахмедұлының отбасымен және өзі құрған кәсіпорын ұжымымен орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Біз Қазақстанның лайықты азаматы туралы жақсы естеліктерді жүрегімізде сақтаймыз»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT