Комиссия мемлекетке 630 млрд теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды - Бас прокурор

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Тwitter желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазбадағы деректерге қарағанда, к еден саласындағы прокурорлардың актілері бойынша мемлекет бюджеті 57 млрд теңгемен толыққан. Сонымен қатар 5 млрд теңгеге 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

«Сондай-ақ 13,5 млрд теңгеге мемлекет мүлкін қайтару туралы сотқа талап-арыздар жіберілді.

Жоғарғы сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Ондағы мәліметтерге сүйеніп, қазынаға тағы 23 миллиард теңге түседі деген болжамымыз бар» - деген Берік Асылов бұл бағыттағы ж ұмыс жалғасып жатқанын да атап өтті.









Фото: twitter.com/Asylov_GenPr


Соңғы жаңалықтар