+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Көміртегі бейтараптылығы парникті газ шығарындыларын барынша төмендетуге бағытталған - сарапшы

2021 жылғы 27 қазан 19:17
Бөлісіңіз:
Көміртегі бейтараптылығы парникті газ шығарындыларын барынша төмендетуге бағытталған - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көміртегі бейтараптылығы парникті газ шығарындыларын барынша төмендетуге бағытталған. Мұндай пікірді ҚР ЭГТРМ Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары Айнұр Көпбаева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемдік қоғамдастық, оның ішінде Қазақстан Үкіметі де климаттың өзгеруімен күреске бағытталған саясатты белсенді түрде жүргізіп жатыр. Климаттың өзгеруіне қатысты мәселенің шегі де, шекарасы да жоқ екендігін жақсы білеміз. Бұған қоса, жаһандық температураны ұстап тұру, климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар дабыл қағып жүрген қорқынышты жағдайға тап болмауымыз үшін парниктік газдардың жаһандық шығарындыларын қысқарту өте маңызды. Осы мақсатта Қазақстан қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Климаттың өзгеруіне барынша бейімделу мақсатында экологиялық заңнамамызға және Су, Жер кодекстерімізге түзетулер мен өзгертулер енгізудеміз», - деді ол.

Сонымен қатар департамент директорының орынбасары Қазақстан парникті газ шығарындыларын төмендетуге қатысты жауапкершілікті терең сезіне отырып, Париж келісіміндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін еліміздің көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасын қабылдағанын атап өтті.

«Көміртегі бейтараптылығы экономиканың көміртегін көп шығаратын секторларында парникті газ шығарындыларын барынша төмендетуге бағытталған. Ол үшін әртүрлі тетік әзірлеп жатырмыз. Мәселен, қазір парниктік газ шығарындыларын саудалау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыс істеудеміз», - деді Айнұр Көпбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT