Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беретін кезекті аукцион аяқталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 22 шілдеде, Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аукцион 17 жер қойнауы учаскесі бойынша өтті, оның қорытындысы бойынша 16 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды, аукцион өткізілетін күні тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты 1 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмеді.

«16 учаске бойынша қол қою бонустарының бастапқы мөлшерінің сомасы шамамен 2,3 млрд теңгені құрады. Аукцион қорытындысы бойынша ұсынылған қол қою бонусының жалпы сомасы 21 млрд теңгеден асты», - деп жазды ведомстводан.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 100-бабының 3-тармағына сәйкес аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

1) қол қою бонусын төлейді;

2) құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның қорытындысы мынау сілтемеде .



Соңғы жаңалықтар