Көмірмен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қос министрліктің бірлесуімен құрылған штаб жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Энергетика министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп құрған штабтың құрамына министрліктер мен әкімдіктердің жауапты тұлғалары енді. 

Энергетика министрлігі бұйрық негізінде күзгі-қысқы кезеңге дайындалу мен электр станцияларында отынның нормативтік қорын жинақтауды күнделікті негізде қамтамасыз етуге міндеттелген. Ал Инвестиялар және даму миинистрлігі апталық негізде көмір өндіретін ұйымдардан көмір өндіру мен тиеу, көмірді коммуналдық сектор мен халыққа тасымалдап жеткізу ісін мониторингтен өткізіп отырады. 

«Бұл штаб күзгі-қысқы жылыту маусымын қамтамасыз етумен қатар, оған бақылау жасайды. Әр апта сайын отырыс өтіп, жұмыс барысы қадағаланып отырады. Соның негізінде қай өңірлерде көмір тапшылығы бар немесе жетпей жатыр - соның бәрі анықталып, назарда болады. Одан бөлек, қай өңірлерде көмір келісімшарты жасалмаған немесе баға көтерілген болса, штаб ол мәселені де жедел шешіп, жіті бақылауында ұстайды», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Энергетика министрінің айтуынша, штаб өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, тамыздың ортасында жүргізіліп жатқан жұмыс аясында проблемалық мәселелерді қарастыру және олар бойынша шаралар қолдану жөнінде облыстармен селекторлық кеңес өткізілген.

Соңғы жаңалықтар