Көмірді авто және теміржол көлігімен әкетуге шектеу енгізілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуге шектеу енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022-2023 жылыту маусымы аяқталуға жақын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 113,9 млн тонна көмір өндірілді. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 2 пайызға көп», - деді министр.

Оның дерегінше, ағымдағы жылу маусымына халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жоспарлы қажеттілігі шамамен 9 млн тоннаны құрады. Өңірлерге қатты отын толық көлемде жеткізілді.

«Алдағы 2023-2024 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында министрлік бюджеттік ұйымдар мен халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша нақты мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға жолдады. Алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында министрлік көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар