Көмірден электр энергиясын өндіру үлесі 2020 жылға қарай 10 пайызға төмендейді - С.Мыңбаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Көмірден электр энергиясын өндіру үлесі 2020 жылға қарай 10 пайызға төмендемек.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Қазіргі құрылымда көмір стансаларында өндірілген электр энергиясы басым бөлікті алып отыр. Яғни, 85 пайызы. Қалған 9 және 5 пайызы бұл гидро, газ турбиналық стансаларында өндіріледі. Атап айтқанда, көмірден электр энергиясын өндіру үлесін 2020 жылға қарай 10 пайызға төмендету болжанып отыр», деді министр.

Дегенмен де көмір негізгі отын түрі болып қала беретініне тоқталған ол «Біз түсінеміз, қоршаған ортаға ауыртпалық артуда. Осыған байланысты Киотта хаттамасы бойынша шектеу бар. Алайда, электр энергиясын өндіру құрылымын түбегейлі ауыстыру оңай емес», деді.

Соңғы жаңалықтар