29.05.2023 19:14 Қазақстанда көмір мен лигнитті автокөлікпен әкетуге тыйым салынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің аумағынан көмір мен лигнитті (сулы, төмен калориялы және ағаштың қосындылары бар қоңыр көмірдің бір түрі) автомобиль көлігімен әкетуге 6 айға шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
05.05.2023 13:59 Шілдеден бастап көмір қымбаттайды, электр энергиясының тарифі көтеріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап электр энергиясының тарифтері өседі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйырық-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 10:44 5 өңірде әлеуметтік көмір бизнес субъектілеріне сатылған - Үкімет отырысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 10:38 Көмірді авто және теміржол көлігімен әкетуге шектеу енгізілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуге шектеу енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 17:32 Инфрақұрылымы жоқ көмір жеткізушілер нарықтан шығарылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық көмір нарығы бойынша жол картасы әзірленді. Ол бойынша көмір жеткізушілерге бірнеше талап қойылып отыр. Толығырақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.03.2023 08:52 Елімізде көмірді тұтыну көлемі артып келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл тұтынылған көмір көлемі 2021 жылғыдан 5,7%-ға артық. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерден белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.02.2023 14:52 Қазақстаннан көмірді көлікпен әкетуге тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфроқұрлымдық даму министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.02.2023 11:55 Сарапшы көмірдің Орталық Азия елдеріндегі ауа сапасына қалай әсер етіп отырғанын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық Азия елдеріндегі ауа сапасын көмір жағатын нысандар нашарлатып жатыр. Бұл туралы елордада Орталық Азия елдерінің ауа сапасы мәселесіне арналған конференцияда Тәжірибешіл экологтер қауымдастығының басшысы Лаура Маликова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.02.2023 15:50 Астана халқына сатылып жатқан көмір сапасы тексеріледі - әкім АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде қалаға әкелініп жатқан көмірдің сапасы нашар екені айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 21:48 СҚО халқы қажетті көмірмен 90 пайыз қамтылған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жылыту маусымына қажет көмірмен 90 %-ға қамтылды. Тұйықтарда түрлі маркалы көмірдің 26 тоннасы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 21:53 Түркістан облысына бөлінген көмірдің көрші мемлекетке сатылып жатқаны рас па ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына бөлінген көмір қоры көрші мемлекетке сатылып жатқан жоқ. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Серік Мәліков осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 19:33 Түркістан облысында көмір тапшылығы жоқ – Арман Жетпісбай ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына таяу арада 349 вагон көмір жеткізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 09:00 Қазақстанда тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
24.01.2023 18:01 Көкөнісі үсіп кеткен түркістандық шаруаларға көмек көрсетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатты аязда тонналаған өнімі үсіп кеткен Түркістан облысы шаруаларының жағдайы не болмақ? Мәселенің мән-жайын өңір әкімі Дархан Сатыбалды айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.01.2023 19:53 Түркістан облысында көмір тасымалында кемшілікке жол берген басшылар сөгіс алды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында көмір тасымалдауда кемшіліктерге жол берген басшылар сөгіс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.01.2023 03:21 Шардарада бір тонна көмірдің бағасы 40 000 теңгеге жетті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Шардарада көмір бағасы қымбаттап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 21:22 Түркістан облысында көмірге сұраныс күрт өсті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыстың оңтүстік аудандарында көмірге сұраныс күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 20:03 Қазақстандағы электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы электр энергиясының 70% көмірден, 20% газдан, 3% жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны – су көздерінен өндіріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
15.12.2022 21:41 Семейде көмір беру жүйесі істен шыққан ЖЭО-да әскерилер 34 тонна көмірді қолмен салып шықты СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көмір беру жүйесі істен шыққан жылу электр орталығында әскерилер 34 тонна көмірді қолмен салып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.12.2022 12:34 Семейдегі ЖЭО-да өрт болып, көмір беру жүйесі істен шықты СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.