Көмір ұрпаққа да керек - Күн энергетикасы қауымдастығының басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының төрағасы Нұрлан Қапенов жаңартылатын энергия көздерін рационалды түрде пайдалану керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар үшін күн энергетикасы қымбат. Себебі, Қазақстан - әлемдегі электр энергиясы ең арзан ел. Егер біз электр энергиясы үшін шамамен 15 теңгеден (киловатына) төлесек, мәселен, Германияда немістер - 120 теңге, америкалықтар - 90 теңге, Польшада - 55 теңге, Түркияда - 40 теңге төлейді», - дейді ол.

Нұрлан Қапеновтың айтуынша, жаңартылатын энергия көздерінің қуаты жаппай қолданыла бастаса - ең алдымен, бұл жағдай тарифтердің өсуіне алып келуі мүмкін.

«Жаңартылатын энергия көздерінің өндірісі тұрақсыз екенін ескеру керек. Мәселен, бізде Жамбыл облысында қуаты 100 МГВт-тық соло-станция тұр. Әдетте жарқырап тұрғанымен, күн бұлттанып кетсе - үш күн бойы өндіріс тоқтап қалады. Сосын өңірде электр энергиясының жетіспеушілігі сезілетін болады. Осы себепті, басқа көздер арқылы осы қажеттілікті жабу керек. Бұл ретте жел электр станциясын мысалға келтіруге болады. Бастысы, қор болуы тиіс. Мәселен, гидроэлектр станциясы немесе газ-құбырлы электр станциялары бар. Қазақстанда осындай маневрлы қуат көздері жетіспейді. Сол себепті, ең біріншіден, біз «жасыл» энергетикаға рационалды түрде жету амалына қолдау білдіреміз», - дейді ол.

Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының төрағасы қазіргі таңда өз мақсатымыз үшін табиғат ресурстарын пайдалануға түсіністікпен қарайтынын атап өтті.

«Алайда, келешек ұрпақтың қамын да ойлауға тиіспіз. Олардың да мүдделері бар. Мәселен, біреулер көмір бізде алдағы 300 жылға жетеді деп айтып жатады. Осылай деп алаңсыз жүре берсек, көмірді ары қарай жағып, экологияны ластап, арзан электр энергиясын ары қарай өндіре беруге болады. Десе де, болашақ ұрпаққа не қалдырамыз? Көмір қорын оларға да қалдыруға тиіспіз. Бәлкім, олар көмірді басқа, тиімдірек мақсатта пайдаланатын болар? Демек, «жасыл» экономикаға өту - басым бағыттарымыздың бірі болуы керек», - дейді Нұрлан Қапенов.

Еске сала кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі осы жылы 250 МВт энергияны аукционға қоятынын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар