Көмір тасымалдайтын вагондар саны 16 мыңға жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңір тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету үшін вагондар саны 16 мыңға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың депутаттар сауалына жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүк жөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірқатар оперативтік іс-шаралар қабылдады. Оның ішінде көмір тасымалдауға жұмылдырылған ашық вагондардың саны ұлғайтылды. Қазіргі уақытта ашық вагондардың саны 13 мың данадан 16 мың данаға дейін ұлғайтылды», - делінген Роман Склярдың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ол көмір тасымалдау үшін көршілес теміржол әкімшіліктерінің ашық вагондары тартылғанын атап өтеді.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның ашық вагондарына басқа номенклатуралық жүктерді және экспортқа жүк тиеулер шектелді. Жылу электр станцияларына жөнелту жұмыстары күн сайынғы бақылауда тұр. Айналма бағдарлар ұйымдастырылды. Жылжымалы құраммен қамтамасыз етілуде», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар