Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.43 eur/kzt 501.04

    rub/kzt 6.65 cny/kzt 67.89
Ауа райы:
Астана-13-15℃
  Jańalyqtar  >

Көмір маңызды тауарлар тізіміне енгізіледі

2022 жылғы 4 желтоқсан, 14:48

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тас көмір елеулі әрі маңызды тауарлар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің бұйрығы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір», - делінген өзгеріс енгізілгелі отырған бұйрық жобасында.

Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Оны талқылау 12 желтоқсанға дейін жалғасады.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары