Көмір бағасының негізсіз өсуіне тосқауылдар қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы құрылған штаб қолма қол режімде көмір бағасына қатысты ахуалды реттеп отырады. Бұл туралы «Үкімет үйінде» өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері 60 млн тонна көмір өндіріліп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 103,9 пайызды құрады. Электр энергиясы стансаларына 32,5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындарға 5,5 млн тонна тиелді, сондай-ақ 15 млн тоннасы экспортқа бағытталды. Жылу беру маусымындағы жұмыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысында биылғы 7 тамыздағы Үкімет басшысының тапсырмасымен, сонымен қатар Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктерінің бірлескен бұйрықтарымен тиісті штаб құрылды.  Штаб өз кезегінде биылғы жылу беру маусымының барысына мониторинг жүргізеді. Штаб құрамына меморгандар, ұлттық компаниялар мен өндіруші компаниялардың өкілдері енді», - деді Р. Скляр.

Оның сөзіне қарағанда, Энергетика министрлігі күн сайын күз әрі қыс кезеңдеріне мониторинг жүргізіп, электр стансаларында көмір қорының жиналуын назарда ұстайды. Ал ҚР ИДМ апта сайынғы негізде көмірді өндіру мен тасымалдау шараларына мониторинг жасайды.

Көмір бағасының қалыптасуы тақырыбына тоқталған Р. Скляр, бұл мәселе  әкімдіктердің, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, ИДМ бақылауында болатынын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көмір бағасы делдалдар арқылы жасанды түрде көтерілетіні айтылған еді. 

Сонымен қатар Энергетика министрлігі ШҚО-да көмірдің қымбаттауына қатысты да жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар