Көмір бағасында тым асыра алшақтық болмайды - ҚР ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде көмір бағасының негізсіз өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірге бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Әрбір әкімдіктің алдына бұл мәселе қойылған. Тіпті, Бас прокуратура да араласып отыр. Меніңше, ендігі уақытта бағада тым асыра алшақтық болмайды», - деді ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов.

Осы ретте ол Шығыс Қазақстанның облыс орталығында көмірдің бір тоннасы 8 мың, ал аудандарда 18 мың теңге деген ақпаратқа қатысты мән-жайдың басын ашып берді.

«Кеше жиын болған кезде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мұның теріс ақпарат екендігін, мұндай баға болмағанын айтты. Біреу біреуге баға өсіп кетті деп айтқан сияқты. Бірақ, Шығыс Қазақстан облысында дәл мұндай баға болған емес», - деді ол.

Сонымен қатар Қанат Байытов тамыз айында қажетті көмірдің 70 пайыздан астамы діттеген жеріне жеткізілгенін айтты.

Соңғы жаңалықтар