«Комета S» типографиясының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматыдағы «Комета S» типографиясының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 Осы жайында бүгін Астанада апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Алматы қаласы Алмалы ауданының салық органдарымен бірлесе «Комета S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығын хабарлағанын еске салып өткен ол, тексеру барысында аталған ЖШС-ның директоры Козлованың бухгалтерлік есептіліктің мәліметін құжаттандырудан жалтарғаны анықталғанын айтып өтті.

Ресми өкілдің айтуынша, ол  кәсіпорынның  шаруашылық қызметі бойынша есептік мәліметтерге  жалған ақпаратты тіркеп отырған. Осы арқылы мемлекетке 2 миллион 700 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Соңғы жаңалықтар