USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Коменданттық сағат режимін бұзған кәсіпкерлер лицензиясынан айырылуы мүмкін  - елорда

2022 жылғы 15 қаңтар 12:16
Бөлісіңіз:
Коменданттық сағат режимін бұзған кәсіпкерлер лицензиясынан айырылуы мүмкін  - елорда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 75 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындар саны артты Күні-түні жанымызда: Коронавируспен ауырып жатқан науқастар дәрігерлер туралы

«Елордадағы жағдай тұрақты. Сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат жалғасуда. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Бір тәуліктің ішінде қалада 6 қылмыс және 98 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 75 адам төтенше жағдай режимін бұзған, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметінен.

Комендатура мәліметінше, тәулік ішінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды. Олардың иелеріне қатысты лицензиясынан айыруға дейінгі қатаң жаза қолданылатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекеттік нөмірі жоқ 3 автокөлік анықталып, коммуналдық тұраққа қойылды.

«Қарбалас уақыт» кезеңінде блокбекеттерде автокөліктер көбейіп кететіндіктен, қала комендатурасы азаматтарға өздерінің баратын бағыттарын алдын ала жоспарлауға және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT