Коменданттық сағат: Ақтөбеде тағы 92 адам әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өткен түнде 147 адам полиция бөлімдеріне жеткізіліп, 92-сі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының және аудан орталықтарының шыға берісінде 10 блокбекет орнатылған. Бір тәулік ішінде блокбекеттер арқылы 10 мыңға жуық көлік өтеді. Мұнда полиция мен әскерилер жүргізуші мен жолаушы құжаттарын, көлік салонын тексереді.

«11 қаңтарда «Самара-Шымкент» тасжолында ОҚО тұрғыны ұсталды. Оның Ресейден «Газель» автокөлігін ұрлап әкеткені белгілі болды. Сол күні тағы бір жеңіл көліктен 16 калибрлі ИЖ аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Мылтық иесіне әкімшілік хаттама толтырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Өткен түні коменданттық сағатты бүзғаны үшін полиция бөлімдеріне 147 азамат жеткізілді. Оның 92-сі әкімшілік жауапқа тартылды. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету, ғимараттарға шабуыл жасау, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, терроризм актілерінің барлық фактісі бойынша сотқа дейінгі 11 тергеу басталды. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 7 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар