«Көмек-2020»: Қарағанды облыстық қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық қоғамдық қорына 270 млн теңге түсті.

Жарналарды YDD Corporation, QazCarbon, «Қазақмыс» корпорациясы, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, Құрылыс және жол компаниялары және басқа да кәсіпорындардың еңбек ұжымдары жасады. Бір күндік жалақыны облыстың мемлекеттік қызметшілері де аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорға тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (СЭС) және Денсаулық сақтау басқармасы жүгінді. Олардың өтінімдері бойынша 104 млн теңге жұмсалды. Аталмыш қаражат дезинфекция үшін жабдықтар, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарын сатып алуға жұмсалды.

«СЭҚ үшін 254 аспалы бүріккіш сатып алынды. Оның 56 данасы Қарағандыда пайдаланылуда. Қалғандары аймақтар бойынша бөлінеді», - деп хабарлады Қор өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда коронавирустың таралуымен күресу үшін «Көмек-2020» облыстық қоғамдық қоры құрылған болатын. Қаражатты жұмсауды Қамқоршылық кеңес жүзеге асырады. Оның құрамына белгілі қарағандылықтар: медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қани Мұсұлманбеков; Қарағанды облысы әкімінің «Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков; «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Серік Ақсұңқарылы; ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саласының Құрметті қайраткері Валерий Громов кірді.

Кез келген адам өз үлесін қоса алады.

Деректемелер:

«Көмек-2020» қоғамдық қоры

БИН 200 340 023 764

Кбе 18

Индекс 100009

Қарағанды қ., С. Сейфуллин к-сі, ½ үй

ИИК KZ8896509F0007987318

БИК IRTYKZKA

Қарағанды қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы


Соңғы жаңалықтар