Комбайншы егіс алқабынан граната тауып алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тереңкөл ауданында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс жасайтын тұрғынынан қоңырау келіп түскен. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған. Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты.

Соңғы жаңалықтар