«Комавиатранс» әуе компаниясы Екатеринбордан Қарағандыға рейс ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей авиациясы «Комавиатранс» әуе компаниясына Екатеринбор-Кольцово халықаралық әуежайынан аптасына үш рет Қарағандыға ұшуға рұқсат берді, деп хабарлайды Е1.RU.

Ресей авиациясы әуе компанияларына Екатеринбордан Лондон, Копенгаген, Қарағанды және Үрімші бағытында төрт жаңа бағдарды орындауға рұқсат берді.

Әуе көлігі Федералдық агенттігінің сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес, Кольцово әуежайынан Қарағандыға (Қазақстан) аптасына үш рет ұшу рұқсатын «Комавиатранс» әуе компаниясы алған. Үрімші (Қытай), Лондон (Ұлыбритания) және Копенгаген (Дания) қалаларына бағдарларды орындау «Урал әуе желілеріне» тапсырылды. Еуропаға ұшуларды аптасына үш рет, Аспанасты еліне - аптасына 10 рет орындау жоспарланып отыр.

«Әзірге бұл тек кіруге рұқсат - бұл рейстерді орындау үшін берілген мүмкіндік. Қазіргі кезде әуе компаниясы аталған рейстерді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып отыр, бірақ соңғы шешім шығарылған жоқ, сондықтан бұл бағыттар бойынша ұшуларды бастайтынымыз жөнінде алдын ала айта алмаймыз», - деп баяндады «Урал әуе желілерінің» баспасөз хатшысы Сергей Антонов.

Соңғы жаңалықтар