+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Командирін атып өлтірген полиция қызметкеріне үкім шықты - БҚО

2019 жылғы 8 сәуір 14:31
Бөлісіңіз:
 Командирін атып өлтірген полиция қызметкеріне үкім шықты - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты командирін атып өлтірген Серік Ғарифке үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, С.Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды.

С.Ғариф 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сонымен қатар ол жәбірленушілердің пайдасына 2,7 млн астам теңге материалдық және 4 млн теңге моральдық шығын өндіретін болды.

ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Ақжайық ауданы 2-батальонының қызметкері болған, 1994 жылғы С.Ғариф полиция сержанты шенінен де айырылды.

Сот оған қоса аталған мекемеде орын алған кемшіліктерді атап көрсетіп, оны тексеру жөнінде БҚО прокуратурасы атына жеке қаулы шығарды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, жеккөрушілік негізінде С.Ғариф өткен жылғы 6 қыркүйек күні сағат 16.29-да Ақжайық полиция бөлімінің ауласында взвод командирі Рүстем Рақышевті жеті рет атып, өлтірген. Ол қызмет бабында өзінің тарапына айтылған сын-ескертпелерді көтере алмай, ашу-ыза жинала берген.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің взвод командирін атып өлтіргенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT