Қомақты қарызы бар әйел 3 жыл бойы Алматыда жасырынып жүрген - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қомақты қарызы бар зейнеткерді Алматы қаласынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 2 млн теңгеден астам қарызын уақтылы төлемеген 61 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының ұйғарымы келіп түсті.

«Белгілі болғандай, әйел адам аудан тұрғынынан қарыз алып, 3 жыл бойы төлемей, Алматы қаласында жасырынып жүрген. Іздестіру шараларын жүргізген көші-қон қызметінің мамандары борышкердің орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жыл басынан бері көші-қон қызметі қарызын төлемей сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 160-тан астам адамды тапқан.


Соңғы жаңалықтар