Қомақты ақшамен жұмысқа «тұрғызатын» семейлік ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде полицейлер тұрғындарды «жұмысқа тұрғызамын» деп алдаған алаяқ қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқ қала тұрғынын ірі акционерлік қоғамның біріне жұмысқа тұрғызып беремін деп уәде еткен. Бұл қызметіне ол 600 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Оның сөзіне сенген жәбірленуші тиісті соманы қолына бірден ұстатқан. Алайда арада 4 ай өтсе де қала тұрғыны әлі жұмыссыз. Ал жұмыспен жарылқауға уәде берген азаматтан еш хабар болмаған соң қала тұрғыны құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген.

 Жедел іздестіру шаралары кезінде 35 жасар бұрын сотты болған, жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды.

 «1 тамыз күні Семей қалалық Затон полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық фактісін ашты. 41 жасар қала тұрғынының  арызы кеш түскеніне  қарамастан, криминалды полиция бөлімі күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде кінәсін толық мойындады.  Ол қазір қамауға алынды», - делінген  баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Азаматтың үстінен ҚР  Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бабы бойынша  іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Облыс полицейлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс тұлғаларға сене бермеу керектігін ескертеді.  

Соңғы жаңалықтар