Қолына қару ұстаған ер адам алматылықтардың үрейін алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полицейлер ер адамнан пистолет пен пышақ тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсай шағынауданының тұрғындарын қ олына пистолет ұстаған ер адам шошытқан. Олар бірден «102» телефон номеріне қоңырау шалған.

«Ұсталған күдікті қару пневматикалық екенін және қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтып, ақталмақ болды», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, шұғыл-тергеу тобы қару мен пышақты процессуалды тәртіпте тәркіледі.

Олардың қайдан алынғаны тексерілуде.


Соңғы жаңалықтар