Колумбиядағы жарылыс: 11 кенші үйінді астында қалды

None
None
БОГОТА. ҚазАқпарат – Колумбияның орталық бөлігінде орналасқан көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 11 кенші жер астында қалып қойды. Бұл туралы жұма күні Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құтқару тобы Бояка департаменті Соча муниципалитетіндегі көмір шахтасындағы жарылысқа байланысты шараларға тартылды. Жоғалған 11 адамға қатысты құтқару жұмыстары жүргізілуде»,- делінген ведомствоның жариялаған хабарламасында.

Әзірге тек үш кеншіні құтқара алған. Сондай-ақ тағы екі адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар