Колумбиядағы апат: жер астында қалып қойған 11 кеншінің денесі шығарылды

None
None
БОГОТА. ҚазАқпарат – Колумбиялық құтқарушылар елдің орталық бөлігінде орналасқан алтын өндіретін шахтадан үйінді астынан 11 кеншінің денесін шығарып алды. Бұл туралы жексенбі күні Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кальдас департаменті Неира муниципалитетінде орналасқан шахтада жер астында қалып қойған 11 кеншінің өлімі біз үшін үлкен қайғы», - делінген ведомствоның Twitter -де жарияланған хабарламасында.

Агенттік басшысы Хуан Мигель Дуран өз Twitter -інде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Шахтадағы апат 26 наурыз күні болды. Оның себебі – қар көшкінінің жүруі.


Соңғы жаңалықтар