Колумбияда ұшақ апаты салдарынан 10 адам опат болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда жеңілмоторлы ұшақ апаты салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы қайғылы оқиға орын алған Толима департаменті губернаторының әкімшілігінен хабарлады, деп жазады ТАСС.

Ұшақ Боготадан Баиа-Соланоға (Чоко департаменті) бағыт алған екен. Толима департаментінің құтқару қызметінің басшысы Рикардо Бернальдің ақпаратынша, онда болған 10 адамның барлығы қаза тапты.

Толима полициясының басшысы, полковник Нельсон Киньоньестің хабарлауынша, «құтқарушылар қаза тапқан бес азаматтың денесін тауып үлгерді, бірақ мүрделерді қатты күйік шалуы себепті оларды тану қиынға соғуда».

Соңғы жаңалықтар