Колумбияда Boeing 727 ұшағы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда сейсенбі күні кешқұрым Boeing 727 жүк ұшағы құлап, үш адам қаза тапты.

El Tiempo порталының деректеріне қарағанда, қайғылы оқиға Aerosucre компаниясының лайнері Пуэрто-Карреньо қаласының әуежайынан Боготаның астанасына қарай  ұшқаннан кейін болған.  Бортта экипаждың алты адамы болды. Оның үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алса, тағы бір адам әлі табылмаған. Ұшақ апатқа ұшыраған орында өрт болып, өрт бригадасы жіберілді. Апаттың себебі әлі хабарланбай отыр, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар