Колумбияда баскетболшылар автобусы апатқа ұшырап, 13 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның батысында болған жантүршігерлік жол апатынан 13 адам қайтыс болып, 20 адам зардап шеккен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең Колумбияның батысындағы Валье-дель-Каука департаментінің Йотоко муниципалитетінде болған. Әуесқой баскетбол командасының ойыншылары мінген автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

9 адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 4 адам ауруханада жан тапсырып, 20 жолаушы жарақат алған.

Өңір басшылығы оқиға себептерін тексеріп жатыр. Жол апатына себеп болған жағдайлардың бірі ретінде тежегіштің істен шыққаны айтылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар