Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады, 11 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Сесар департаментінде Колумбияның ВВС ұшағы құлады, деп хабарлайды ТАСС.

Апат салдарынан 11 әскери қызметкер қаза тапты.

«Ұшақ қозғалтқышының істен шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл қайғылы оқиғада ешкім аман қалмағаны анықталған», - деп нақтылады елдің Қорғаныс министрлігінен.

Оның мәліметтерінше, әуе кемесі Паленкероның әскери базасынан ұшып шыққан.

Әскери-көліктік ұшақтың апатқа ұшырауы фактісін Колумбияның азаматтық авиация басқармасы растады. Ұшақ FAC 261 тіркеу нөмірі бойынша танылған.

Осы елдің мемлекет басшысы «әуе апатына байланысты қайғыға ортақтығын» білдіріп, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айты.

El Colombiano газетінің нақтылауынша, куәгерлер ұшақтың әуеде өртеніп, одан кейін үш бөлікке бөлініп, жерге құлағанын айтады.

Оқиға орнына әскери бөлімдер келіп жетті.

Соңғы жаңалықтар