Колумбия университетінің кітапханасында британдық барлаушының қазақтар жайында кітабы сақталған

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Әр жылдардағы Қазақстан жайында жазылған кітаптарды Нью-Йорктегі Колумбия университетінің көне кітапханасынан оқуға болады. Бұл жайында Facebook-тегі парақшасында Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ ССР ғылым академиясының хабарлары» (1959), «Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского союза 1941-1945» (1964), «Батыр Срым» (1947) – әртүрлі жылдардағы Қазақстан мен қазақтар жайында осы және басқа да кітаптар ды Нью-Йорктегі Колумбия университетінің көне кітапханасынан кездейсоқ көріп қалдым. Алайда бәрінен де британдық офицер мен барлаушы Ральф Кобболдтың қазақ даласына, Алматы (сол кездегі Верный) қаласы мен Балқаш көліне жасаған саяхатының суреттері мен карталары қызық болып шықты.

«INNERMOST ASIA - Travels and Sport in the Pamirs» атты бұл кітап Нью-Йоркте 1900 жылы басылып шыққан. Автор 19-20 ғасырлар аралығындағы Алматы қаласын, жергілікті тұрғындар «Теңіз» деп атап кеткен Балқаш көлін, тіпті сол кездерде мекен еткен тұран жолбарысына аңшылыққа шыққанын қызықты етіп сипаттап берген. Сондай-ақ, британдық Іле өзені жанында өздерін арғын деп атаған көшпенділермен кездескенін және т.б. жайында айтады. Кітаптардың басым көпшілігінде «Анонимді түрде берілген» деген белгі бар.

Автор: Жанара Мұхамедиярова

Соңғы жаңалықтар