Колумбия шахталарында бірнеше жарылыс болып, 11 адам көз жұмды

None
Фото: 1MI
БУЭНОС-АЙРЕС. ТАСС – ҚазАқпарат – Колумбияның Сутатауса муниципалитетіндегі шахталарда бірнеше жарылыс болып, кем дегенде 11 адам көз жұмды. Бұл туралы El Tiempo басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, жарылыс кезінде шахталарда 30-дан астам кенші болған. Кундинамарка губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де жазғандай, жергілікті уақыт 05.20-дағы (астана уақытымен 16:20) жағдай бойынша, туннельде 17 адам қалып отырды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

El Tiempo-ның жазуынша, Сутатаусадағы көмір шахталарында жарылыс сейсенбі күні кешке болды. Іле-шала көршілес 4 шахтада жарылыс естілген.


Соңғы жаңалықтар