Колумбия Қазақстанмен қарым-қатынасын тереңдетуге мүдделі - Елші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия Қазақстанмен қарым-қатынасын тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сенім грамотасын табыстаған Колумбия Республикасының Елшісі Альфонсо Лопес Кабальер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік хатшы ханыммен өте қызықты кездесудің өткенін айта аламын. Біз Қазақстан мен Колумбия арасындағы оң қарым-қатынасты атап өттік. Колумбия бірнеше мәрте Қазақстанның халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткен болатын. Мәселен, елдеріңіздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына қолдау көрсеттік. Қазақстан өз кезегінде Колумбия ахуалын реттеу үшін екінші миссия жөнелтуді қолдады. Дегенмен, біздің елдеріміздің арасындағы комммерциялық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін әлі де болса көп жұмыс істеу қажет. Біз қарым-қатынастарымызды тереңдетуге шынайы түрде дайынбыз», - деді Елші кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Колумбия арасындағы  екіжақты өзара әрекеттестіктің қозғаушы күші сауда-экономикалық ынтымақтастық болуы қажет деп есептейтіндігін айтқан болатын. «Осыған орай тауар айналымы мен өзара инвестицияларды артыруға назар аудара отырып, іскерлік байланыстарымызды жандандыруымыз керек», - деді Гүлшара Әбдіқалықова Колумбия Елшісімен кездесуі барысында.

 

Соңғы жаңалықтар