Колумбия авиакомпаниясы ұшақ бортында тірі дауыста концерт қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Колумбияның ең ірі авиакомпанияларының бірі Aviansa Медельин-Богота рейсі кезінде ұшақ бортында тірі дауыста концерт қою үшін филармония оркестрінің музыканттарын шақырған. Бұл туралы компания Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медельиннен Боготаға ұшқан AV8565 рейсінің жолаушылары Медельин филармониялық оркестрдің 10 мыңнан астам фут (3048 м.) биіктікте өткен концертінің арқасында ұмытылмас саяхат жасады»,- делінген хабарламада.

Алайда кейбір жолаушылар мен мамандар әуе компаниясының шешімін сынға алып, оны COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау үшін қабылданған қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін айыптап отыр.

Мысалы, Колумбия эпидемиологы Сульма Кукунуба пандемия жағдайында «жабық ғимараттарда ән шырқап, үрмелі аспаптарда ойнау кеңес етілмейтінін» мәлім етті


Соңғы жаңалықтар