Колумбия әуежайында мыңнан астам тасбақа тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Богота қаласының халықаралық әуежайында контрабандашылар заңсыз жолмен шетелге өткізбек болған 1,3 мыңнан астам тасбақаны тәркіледі. Бұл туралы EFE агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тасбақалар өте нашар жағдайда болған. Олар пластик пакеттерде әрең тыныс алған. 28-і ауа жетіспей өліп қалған», - дейді Богота қоршаған ортаны қорғау жөніндегі хатшысы Оскар Лопес.

Оның айтуынша, тәркіленген Chelus fimbriatus (шашақты тасбақа) тасбақалары оңалту шараларынан кейін табиғатқа жіберіледі.

Колумбияда кеденшілер сирек кездесетін жануарлардың ірі партиясын ұстаған жағдай бір бұл емес. Сәуірде Богота әуежайында Oophaga lehmanni тұқымдасына жататын құрбақаларды да шетелге заңсыз кетуден сақтап қалған. Халықаралық табиғатты қорғау одағының деректеріне қарағанда, қосмекенділердің осы түрі жойылудың аз-ақ алдында тұр.

Соңғы жаңалықтар