Колумбия астанасында жарылыс болды

None
None
БОГОТА. ҚазАқпарат –Колумбияның астанасы Богота қаласында болған жарылыс салдарынан кем дегенде екі адам жараланған. Бұл туралы ҚазАқпарат La FM радиостанциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға жексенбіде таңғы мезгілде Боготаның орталық аудандарының бірінде болды. Қопарғыш құрылғы маска шығаратын фабрика ғимаратының тап алдына қойылған. Жарылыс салдарынан ек адам түрлі дәрежеде жарақаттанған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Билік органдары тергеу жұмыстарына кірісті. Алдын ала болжамға қарағанда, келеңсіз жағдайға екі қылмыстық топтың арасында туындаған жанжал себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар