Қолтырауындар аса тәжірибелі аңшыны жеп қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар өткен аптада Зимбабведе жоғалған оңтүстікафрикалық аңшы Скотт ван Зилді (Scott van Zyl) қолтырауындар жеп қойды деп күдіктенуде.

 Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. 

Ван Зил Зимбабведегі сафариге келген болатын. Ол жергілікті із кесушімен және аңшы иттермен бірге Лимпопо өзеніне келген. Құтқарушылар анықтағандай, аңшылар автомобильден шығып, иттерді алып жан-жаққа тараған. Кейінірек иттер лагерьге Скотт ван Зилсіз оралады. Із кесушінің тағдыры белгісіз.

Із-түзсіз жоғалған оңтүстікафрикалық аңшыны тікұшақпен және сүңгірлер арқылы іздеді. Құтқарушылар оның ізі мен жолдорбасын өзеннің жағасынан тапты. Кейін олар сол маңнан аңшыға шабуыл жасауы мүмкін екі  қолтырауынды көрген. Мамандар қазір рептилияның асқазанындағы заттарға сараптама жүргізуде. 

Соңғы жаңалықтар