Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Көлсай көлдері» ұлттық саябағында ілбіс фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды .

«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітапқа» енген жануар бұған дейін де фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Наурыз айында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түскен болатын .

Бұған дейін таудан түскен ілбісті Кербұлақ тұрғындары табиғи ортасына қайтаруға себепші болған еді.

Ілбіс (қар барысы) ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 қаулысы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың тізіміне енгізілген.


Соңғы жаңалықтар