+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Көлсай көлдерінде экотуризм қалай дамиды

2021 жылғы 13 мамыр 00:23
Бөлісіңіз:
Көлсай көлдерінде экотуризм қалай дамиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жақында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болып, экотуризм инфрақұрылымын құру жобасымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Ұлттық парктегі туристер саны жыл сайын артып келеді. Пандемия шетелдік курорттарға шектеу болғанымен, ішкі туризмнің дамуына жол ашты.

Мәселен, өткен жылы Көлсайға 80 мыңға жуық турист келсе, биыл олардың саны 135 мыңға жуық болады деп күтілуде. Бұл нақты көрсеткіш емес, келушілер саны бұдан да көп болуы мүмікін. Ұлттық паркте қауіпсіз туристік бағыттар мен соқпақтар, заманауи визит-орталықтар, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары және керуен жолы, көру алаңдары, демалуға арналған орындар сияқты жағдайлар жасалғаннан кейін келушілер саны еселеп артады.

Елдегі ұлттық парктерде экотуризмді дамыту Тұжырымдамасы осыған саяды. Ол тұжырымдамада туристік объектілер қоршаған ортаға ең аз жүктемемен күрделі құрылыссыз орналастырылатыны да қарастырылған.

«Көлсай көлдері бойынша біз көлдерден төмен инфрақұрылым салу туралы шешім қабылдадық, автокөліктердің кіруі шектеледі, өйткені Қайыңды көлі ерекше, оны сақтау маңызды. Инвестор қажетті экологиялық, биологиялық зерттеулер жүргізгенін атап өтемін. Мұнда «зиян тигізбеу» қағидасы басты орында тұр» - деді министр Ұлттық паркке барған кезінде.

Сондай-ақ, көлдің бөгетін қалпына келтіру жоспарлануда, қазір жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қайыңды көлі шамамен 100 жыл бұрын селдің құлауы нәтижесінде пайда болған. Соңғы жылдары бөгет шайылып, көлдің деңгейі төмендей бастады.

«2-3 жыл ішінде мұнда жаңа туристік маршруттар, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасалады. Барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру үшін конкурс қорытындысы бойынша жеке инвестор анықталды, ол Көлсайда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, бұл орындарды жақсы біледі. Экотуризм бойынша барлық жобалар ұлттық парктің туристік аймағында ғана іске асырылатын болады», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Айтап кетсек, биыл «Көлсай көлдері» МҰТП-да экотуризмді дамыту байқауында жеңіске жеткен инвестор – «Атырау-Рент» ЖШС Ұлттық паркті дамытуға 5 млрд.теңгеге жуық инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Экологиялылық мәнді ескере отырып, жобаның іске асырылуын бақылауды ұлттық парк жанындағы Қоғамдық кеңес жүзеге асыратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT