Колорадо штатында сегіз адамды пышақтап кетті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні АҚШ-тың Колорадо штатында сегіз адамды пышақтаған ер азамат ұсталды. Бұл туралы Колорадо-Спрингс қалалық полициясының сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың мәліметі бойынша, қаскөй адамдарға үш жерде шабуыл жасаған, оны зардап шеккендердің өздері ұстаған. «Сегіз адамға өткір кесетін құралмен жарақаттар салынған, олар медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді құқыққорғау органындағылар.

«Күдікті мен зардап шеккендердің өзара таныс екендіктері туралы ақпарат жоқ», - деді полиция басқармасындағылар.


Соңғы жаңалықтар