Колорадо штатында мас жүргізуші жазадан қашып, рульге итін отырғызбақ болды

Фото: Фото: Pixabay.com
ДЕНВЕР.ҚазАқпарат - Жылдамдықты асырған жүргізуші қамауға алынбас үшін жолаушы креслосындағы итімен орнын ауыстырмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today агенттігіне сілтеме жасап.

Спрингфилд қаласында көлікті тоқтатқан полиция қызметкері көліктегі оғаш көріністі бақылап отырды.

Мас жүргізуші итімен орын ауыстыруға тырысты. Ол тәртіп сақшысына көлікті «басқарған» өзі емес екенін айтып, ішімдік ішкенін полиция қызметкерінен жасыруға тырысқан.

Бірақ бәрібір қашып құтыла алмады. Көліктен бірнеше метр қашықтықта қамауға алынып, мас күйінде көлік жүргізді, қамауға қарсылық көрсетті және жылдамдықты арттырды деп айыпталды. Ол қамауға алынбас бұрын ауруханаға жеткізілді.

«Итке ешқандай айып тағылған жоқ, босатылды», - деп әзілдеді полиция.


Соңғы жаңалықтар